Спорт • 30 Қараша, 2022

Желтоқсанда жұдырықтасады

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жү­кем­­баев келесі кездесуін желтоқ­санда өткізетін болды. Бұл туралы бокс­шы­ның өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Желтоқсанда жұдырықтасады

 

Бокс кешін ұйымдастырушы менеджер Зия Алиевтің айтуынша, қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жек 24 желтоқсан күні Алматыда өтеді деп жоспарланған. Ал Батыр Жүкембаев осы кештің басты айқасында WBC Asia титулын сарапқа салады. Әзірше отандасымыздың қарсыласы белгісіз. Бұл Жүкембаевтың Қазақ­станда өткізетін тұңғыш жекпе-жегі болмақ.

1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген боксшы 2015 жылдан бері кәсіпқой бокс шаршы алаңында жекпе-жек өткізіп жүр. Бүгінге дейін ол 19 мәрте рингке көтеріліп, 18 кездесуінде қарсыласынан басым түссе, 14 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бір айқасында қарсыласынан техникалық нокаут­пен жеңіліп қалған. Жүкембаев 19 жекпе-жегінің 18-ін Канадада өткізсе, бір рет АҚШ-та айқасқан.