03 Маусым, 2014

Жауапты қызметінде табыс тіледі

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті лауазымына сайлануына байланысты Петр Порошенкоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті сайлау нәтижелері өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп, қоғамды біріктіруге бағытталған П.Порошенконың сайлауалды бағдарламасының кеңінен қолдау тапқандығының айғағы екенін атап өткен. Нұрсұлтан Назарбаев П.Поро­шенконың жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас украин халқына татулық, тұрақтылық және бақ-береке тілеген.