Биыл елімізде заңсыз 5 723 қоқыс орны анықталды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21,9 пайызға азайған. Әрі қалдық үйінділерінің 3 500-ден астамы жойылыпты. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, республика бойынша рұқсат етілген 3 мыңға жуық қоқыс полигоны бар. Десе де, оның 21 пайызы ғана экологиялық және санитарлық нормаларға сай. Демек елімізде қоқыс мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр.

Шетелде де бұл проблема маңыздылығын жойған жоқ. Әлемде жыл сайын 2 млрд тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылады. Бұл – қоқыс мәдениетінің дүние жүзінде бір ізге қойылмағанының көрінісі. Сарапшылар тіпті 30 жылға жуық уақытта қоқыс көлемі 70 пайызға өсіп, 3,4 млрд тоннаға жетеді деген пікір айтып жүр. Сондықтан еуропалық комиссия қайта өңделген өнімдерді пайдалануды арттыру бойынша ұсыныстарды жариялауды жоспарлап отыр. Өйткені пластиктің шамамен 40 және қағаздың 50 пайызы қаптама үшін пайдаланылады екен. Ал бұл тұрмыстық қатты қалдықтардың 36 пайызын құрайды. Егер Еуропарламент пен Еуропалық Кеңестің, ЕО-ның 27 үкіметінен тұратын топ мақұлдаса, 2025 жылға қарай шамамен 65 және 2030 жылға қарай 70 пайызға қоқысты азайту көзделіп отыр.
Елімізде қоқыстың мөлшері 160 млн тоннадан асты. Жылына шамамен 4,5 млн тонна тұрмыстық қалдық жиналады десек, мұның тек 15 пайызы ғана өңделеді. Бұл да көңіл көншітпейді. Кейбір аймақтарда тіпті қайта өңдеу зауыты жетіспейтін көрінеді. Мәселен, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе өңірінде қалдық бөлек жиналып, сұрыпталады. Одан әрі өңдеу үшін көрші облыстарға жөнелтіледі. Статистикаға сүйенсек, ел бойынша 207 қала мен ауданда, 138 елді мекеннің 96-сында ғана қалдықтарды сұрыптау енгізілген. Яғни республика аумағында қоқысты сұрыптау мүмкін болғанымен, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлкен проблемаға айналған.
Еліміздегі қоқыс полигоны шамамен 32 мың гектар жерді алып жатыр. Бірақ бірқатар қалдық үйіндісінің жағдайы нашар. Қала берді, республика бойынша заңсыз орналасқан полигонның үлесі – 80 пайыз. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және сұрыптауға арналған төмен тарифтер де қалдықтарды басқару жобаларына инвестициялар тартуда тиімсіз болып отыр. Айта кетейік, қоқыс полигондарын жою жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Осы орайда, бір жыл ішінде аудандар мен ауылдық округтердің 86-дан астам әкімі қоқыс үйінділерін жою мақсатында тиісті шаралар қабылдамағаны үшін жауапқа тартылды. Салынған айыппұл көлемі 7 млн теңгеден асқан.
Қазір елімізде қоқысты өңдеу мақсатында біраз шара қолға алынып жатыр. Республикада қатты қалдықты қайта өңдеп, энергетикалық отынға айналдыратын 6 зауыт салынбақ. Жоспар 2025 жылға дейін жүзеге асырылады деп бекітілген. Өңірлерде де кешен құрылысына жер телімдері беріліп, бұл мәселені оңтайлы шешу жолдары қарастырылып отыр. Мәселен, мұнайлы өлке Атырауда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін кешен құрылысын салу үшін «Промэкология» ЖШС-на 30 гектар жер телімі берілді. Кешен келер жылдың соңына қарай іске қосылмақ. Бұған қоса, шаһарда «Гринсити» ЖШС-на 5 га жер учаскесі бөлінді. Бүгінде жеке инвестор өндірістік цех пен әкімшілік тұрмыстық кешен ғимараттарын салып, оны жабдықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қос кешеннің құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ Экология министрлігі өткен жылы тендер жариялау арқылы Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Өскеменде зауыттар салынып, ендігі үш жылдан кейін жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр. Осылайша, Қазақстан 2025 жылға дейін қоқысты сұрыптап өңдеуді 30 пайызға, өртеуге жіберетін қоқысты 20%-ға жеткізуді көздеп отыр, ал қалған 50 пайызы қоқыс полигонында сақталмақ.
Зейін ЕРҒАЛИ
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруалармен кездесті
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар