Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 қарашада өткен ұлықтау рәсімінде айтқан сөздері, көтерген мәселелері – жұртшылықтың жіті назарында жүрген маңызды сұрақтар екені даусыз. Салтанатты рәсімде әуелі өзін қолдаған барша қазақстандықтарға ризашылығын білдірген Президент алдағы уақытта іске асырылатын басым бағыттарды жіктеп көрсетті. Әсіресе Қасым-Жомарт Кемелұлының ауылды өркендетуге қатысты пікірлері аса маңызды деп білемін.

Қазақ халқында «Ауылым – алтын бесігім» дейді, бүгінде ел тұрғындарының жартысына жуығы ауыл халқы. Қалада тұратындардың да басым үлесі жаңадан қоныс аударушылар, яғни ауылдан келген тұрғындарға тиесілі. Қаншалықты урбанизация үдерісі жүрсе де, қазақ халқы өзінің түп қазығы болған ауылдан қол үзген емес.
Дегенмен де қала тұрғындары санының күн санап өсуі әлеуметтік мәселелерді алға шығарды. Мәселен, қала халқының саны артқан сайын жаңа балабақша, мектеп, емхана және басқа да әлеуметтік нысандарды салу қажеттігі туындап отыр. Қазірдің өзінде мұндай өзекті мәселелер еліміздегі ірі мегаполистерде ғана емес, шағын қалаларда да күн тәртібінен түспей келеді.
Сондықтан да ауылдың жағдайын жақсарту мемлекеттік мәселе болып табылады. Ауылдың инфрақұрылымын дамыту, балабақшалар, мектептер, спорт нысандарын тұрғызу, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендердің электрмен қамтылуы, жолдардың сапасы қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жойып, ауыл тұрғындарының қалаға көшу үдерісін тоқтата алады. Сонымен қатар ауылды көркейту ауыл шаруашылығын дамытуға, елді мекендердегі ауыл шаруашылығымен байланысты шағын бизнесті дамытуға, ауылда жастардың тұрақтауына жол ашады деген сенім мол.
Жаңа мамандықтар қажеттілігіне жасалған талдаулар, алдағы уақытта ауылшаруашылық мамандарына сұраныстың артатынын көрсеткен. Қазақстан – жоғары сапалы азық-түлікті, оның ішінде ет пен астық өнімдерін өндіретін ел. Халықаралық деңгейде азық-түлікке сұраныс артса, бұл – отандық фермерлерге, ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беретін жаңа бағыт. Біз табиғи кен байлықтарды, шикізатты өндіруден басқа осы аграрлық сектордың дамуына баса көңіл бөлуге тиіспіз.
Бұл үшін кәсіби мамандарды тартып, алдағы кезеңде ауыл үшін қажет деген мамандық иелерін даярлаумен қатар, жастардың ауылға баруға деген құлшыныстарын арттыру керек. Университеттер де өз кезегінде ауылдық жерлердегі мектептер, балабақшалар, басқа да кәсіпорындарда болашақ мамандар үшін тәжірибе алаңдарын жасау, өзара әріптестік байланыстар жүргізуді қолға алады. Бұл оқу орындарының алдыңғы қатарында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті де бар.
Саламат ЫДЫРЫСОВ,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті басқарма төрағасы-ректор
Үкіметте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шарасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 17:55
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар