Футбол • 01 Желтоқсан, 2022

ӘЧ: Аргентина мен Польша плей-офф кезеңіне өтті

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турындағы Польша мен Аргентина құрамалары арасындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘЧ: Аргентина мен Польша плей-офф кезеңіне өтті

Бұл ойында Аргентина құрамасы қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.

Бірінші голды 46-минутта Алексис Макаллистер соқты. 67-минутта Джулиан Альварес есепті еселеді.

Осылайша, Аргентина әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік алды.

Польша қосымша көрсеткіштер бойынша Мексиканы басып озып, 4 ұпаймен екінші орынды иеленді. Еуропа құрамасының гол айырмасы жақсырақ.