Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы құрылады

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру геодезия және картография саласының тарихындағы алғашқы ауқымды жоба болмақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы құрылады

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат депутаттары «Геодезия, картография және кеңістік деректері туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобаларын екі оқылымда қарап, қабылдаған болатын. 

Бағдат Мусиннің айтуынша, заң жобасының ерекшелігі – ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын (NSDI) құру, онда бір платформада кеңістіктік деректер бірыңғай форматта және сенімді, уақытылы әрі тиімді пайдалану үшін бірыңғай талаптарға сәйкес құрылады.

«Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы – еліміздің цифрландыруында маңызды рөл атқаратын геодезия және картография саласының тарихындағы алғашқы ауқымды жоба. NSDI өзекті кеңістіктік деректерді біріздендіруге, әзірлеуге және қолдауға, сондай-ақ әр түрлі кадастрлар мен ақпараттық жүйелерді бір ақпараттық кеңістікке біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл жаңарту процедурасын автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Осылайша, жер бетінде жаңадан пайда болған нысан мейлі ол үй болсын, мейлі жол болсын оны жаңарту кезінде картада пайда болады», деп түсіндірді Бағдат Мусин заң жобасын.