АСТАНА. 3 маусым. Ата-бабаларымыздан бізге мұра болып қалған қазақтың қарапайым киіз үйі бүгінде ресейліктердің қызығушылығын арттырып отыр. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Айдар Бейсенбаев деген қостанайлық кәсіпкер киіз үй өндірісін қолға алғалы бес жыл болыпты. Тіпті, оның өнімдері Ресей нарығында сатыла бастады.
Кәсіпкер Кеден одағы ашылғалы өнімдерін өткізу мәселесі шешімін таба бастаған.
Айдар Бейсенбаев: «Кедендік одақтың пайдасы өте зор, өйткені киіз үйлерді экспортқа шығару жеңілірек болды. Қазір бұрынғыдай қағаздарды көп дайындап керегі жоқ. Тұтынушылар керегін өздері алып кетеді. Ресейліктер қазақтың киіз үйін экотуризмді дамыту мақсатында сатып алады. Сырт елге саудаланатын бұйымдардың ұлттық бояуы қанық. Біздің мақсатымыз – бабамыз тұтынған баспананы брендке айналдырып, сұранысты арттыру», – деді.
Айдар Бейсенбаевтың басқаруындағы киіз үй жасайтын кәсіпорын қызметкерлері тапсырыс түссе, айына 5-тен 20-ға дейін киіз үй жасауға мүмкіндіктері бар. Бұл этноөнімдердің 20-30 пайызы Ресейге жөнелтіледі. Әсіресе, кедендік кедергілер жойылғалы Ресейдің Челябі, Қорған, Түмен облыстарынан сұраныс көбейген.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: «24kz».
• 03 Маусым, 2014
Ресейде қазақтың киіз үйіне деген сұраныс артып келеді

Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45