Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Камила Егізбек «Ғылым» аталымы бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. Жас ғалым биомедицина саласы және су ортасын тазарту үшін наноқұрылымды темір бар материалдарды қолдану технологиясын зерттеп жатыр. Ол 15-тен астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 10 мақала импакт факторы жоғары халықаралық басылымдарда жарияланған. Scopus базасы бойынша 23 жастағы ғалымның Хирш индексі 4-ке тең.

Камила физика-техникалық факультетінде ядролық физика мамандығы бойынша магистратураның екінші курсында оқиды. Ол бұған дейін ЕҰУ бакалавриат деңгейін осы білім беру бағдарламасы бойынша тәмамдаған.
Жас ғалым 2015 жылдан бері наноқұрылымды темір бар материалдарды су ортасын тазарту және биомедицинада катализаторлардың негізі ретінде қолдануды зерттеумен белсенді айналысып келеді.
Зерттеудің негізгі бағыты су ортасын органикалық бояғыштардан немесе ауыр металдардан тазарту үшін катализатор ретінде пайдаланылатын магниттік нанобөлшектерді алудың технологиялық шешімдеріне бағытталған. Оларды зиянсыз компоненттерге ыдырату немесе сіңіру жолдары қарастырылып отыр.
Камила Егізбек тазарту саласында жоғары тиімділігі бар шпинель тәрізді құрылымы бар церий мен гадолиний қосылған темірі бар нанобөлшектерді алу әдісін ойлап тапты. Сондай-ақ магистрант синтез жағдайларына байланысты синтезделген нанобөлшектердегі құрылымдық ерекшеліктер мен фазалық өзгерістерге іргелі зерттеулер жүргізеді.
ЕҰУ магистранты «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» ЗТБ және БҒМ «Мемлекет тарихы институты» ММ ұйымдастырған «Үздік жас ғалым – 2020» және «Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық жобаларының үш мәрте жеңімпазы атанған.
Сонымен қатар Камила 2021 жылы еліміздің ғылыми университеттері арасында студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін I дәрежелі дипломмен марапатталған.
Саяси додаға мониторинг жүргізіледі
Үкімет • Бүгін, 00:14
Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы
Қазақстан • Бүгін, 00:13
Еңбек тәртібін реттейтін құжат
Үкімет • Бүгін, 00:11
Саясат • Бүгін, 00:08
Партия филиалдарының ұйымдастыру жұмысы
Сайлау • Бүгін, 00:05
Елеусіз қалған елді мекендер көгілдір отынға жарымай отыр
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды
Форум • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қаржы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ділгір құралға қол жеткізудің жолы
Қоғам • Кеше
Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр
Сауда • Кеше
Ерекше перзентті оңалту да, оқыту да оңай емес
Отбасы • Кеше
Арнайы білім мекемелеріндегі ахуал
Білім • Кеше
Өңірлік университеттегі өмірлік дау
Университет • Кеше
Халық • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Келешектің инновациялық бағдары
Бағдарламалар • Кеше
Теннисшілердің төртінші мүмкіндігі
Теннис • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Әбігерге түсірген толассыз жауын
Төтенше жағдай • Кеше
Спорт • Кеше
Хоккей • Кеше
Өзбек тіліндегі қазақтың 100 өлеңі
Өнер • Кеше
Кино • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматыда мейрамхана аспаздары есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті
Елорда • Кеше
Шымбұлақ шатқалында сайға құлаған жігіт құтқарылды
Қоғам • Кеше
Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр?
Елорда • Кеше
Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі
Технология • Кеше
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысынан фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Ұқсас жаңалықтар