Шарайна
Испан монархы тақтан бас тартты 76 жастағы испан монархы Хуан Карлос тақтан бас тартты. Енді оның ұлы Фелипе король болады. Хуан Карлос 39 жыл бойына мемлекет басшысы болып келген еді. Оның тақтан бас тартқаны туралы Испания премьер-министрі Мариано Рахой хабарлаған. Жоғары мәртебелі король Хуан Карлос өз ұлы, ханзада Фелипенің пайдасына тақтан бас тартты, деп мәлімдеген министрлер кабинетінің басшысы. Соңғы жылдары Хуан Карлостың денсаулығы сыр бере бастаған болатын. Ол 2012 жылы Ботсванада піл аулау кезінде мықынын үш жерден сындырып алған еді. Ота жасау сәтсіз өтіп, инфекция түсуіне байланысты 2013 жылы монархқа екінші рет операция жасауға тура келген. Сонымен бірге, піл аулаудың Хуан Карлостың беделіне нұқсан келтіргенін де айта кету керек. Оның аңшылықпен көңіл көтеруі жануарларды қорғаушыларға ұнаған жоқ. Пеленің ұлы 33 жылға сотталды «Сантос» клубының бұрынғы қақпашысы, даңқты футболшы Пеленің ұлы Эдсон Чолби Насименту есірткі саудасымен айналысқаны үшін 33 жылға бас бостандығынан айырылды. Көшедегі жарысқа қатысып, соның салдарынан бір мотоциклшінің қаза табуына байланысты ол алты айға бас бостандығынан айырылғандықтан, қақпашыға 29 жасында спорттан кетуге тура келген еді. Ал 2005 жылы ол кокаин сатқаны үшін қамауға алынып, 2006 жылы бостандыққа шыққан. Айта кету керек, оның әкесі Пеле үш дүркін әлем чемпионы, ФИФА нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы. Бразилия құрамасы қатарында 92 матч өткізіп, қарсыластар қақпасына 77 доп соққан. Тель-Авив қарсы соққы жасады Израиль әскері Сирия тарапынан болған атқылауларға артиллериядан оқ жаудырды және Газа секторынан жіберілген зымыранға қарсы жауап ретінде әуе соққыларын жасады. Сирия жағынан атылған снаряд Тель-Авивтің бақылауындағы Голан қырқасы аумағына түсіп жарылған болатын. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұл оқиға Палестинаның бірегей үкіметі ант қабылдауға бірнеше сағат қалғанда орын алды. Ол ФАТХ және ХАМАС қозғалыстарының өзара бітімге келуі нәтижесінде құрылған болатын. Голанд қырқасының жиі-жиі оқ астында қалатынын айта кету керек. Және сириялық оппозиция мен үкімет әскерлері арасындағы қақтығыс барысында снарядтар көптеген жағдайларда бұл жерге кездейсоқтан да келіп түсіп жатады. Үндістанда жаңа штат пайда болды Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штаты ресми түрде екі бөлікке бөлініп, оның солтүстік аумағында жаңа 29-шы штат құрылды. Оған Телангана деген атау берілген. Жаңа штат құру туралы шешімді үнді билігі үстіміздегі жылдың ақпан айында қабылдаған болатын. Жергілікті тұрғындар өңірдің жеткіліксіз қаржыландырылатынына ұзақ уақыттар бойы наразылық білдіріп келді. Андхра-Прадештің астанасы болып табылатын Хайдарабад қаласы жаңа пайда болған құрылымның да әкімшілік орталығы болып табылады. Андхра-Прадештің өз әкімшілік орталығы пайда болғанға дейін Хайдарабад 10 жыл бойы екі шаттың астанасы болып қала береді. Черчилльдің кіші қызы дүниеден өтті Ұлбританияда 92 жасқа қараған шағында Уинстон Черчилльдің кіші қызы Мэри Соамс қайтыс болды. Бұл туралы 1 маусым күні ВВС News агенттігі хабарлады. Туғандағы аты-жөні бойынша Мэри Спенсер-Черчилль Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында көмекші қызметтің кіші офицері шеніне ие болды. Ол көптеген маңызды сапарларда, соның ішінде 1945 жылы Черчилль америкалық президент Гарри Трумэнмен және кеңестік көсем Иосиф Сталинмен кездесіп, Германия мен Еуропаның соғыстан кейінгі болашағын талқылаған Потсдам конференциясына барған кезде де әкесінің қасында еріп жүрді. Соңғы жылдары Мэри Соамс қайырымдылықпен айналысып, өмірбаяндық кітаптар жазды. Ресей ЕКПА сессиясына қатыспайды Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Алексей Пушков ресейлік делегацияның Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының маусым айындағы сессиясына қатыспайтынын мәлімдеді. Біз біздің делегацияға қарсы санкция күшінде тұрған кезінде ассамблеямен қызметтестікті уақытша тоқтатамыз, деп атап өткен ол «Известия» газетіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, 26 мамырда, ЕКПА Президенттік комитетінің мүшесі Тини Кокске, ол Мәскеуге келіп, Мемлекеттік Дума төрағасы Сергей Нарышкинмен кездескен кезде мәлім етілген. Оның сыртында осыдан бірнеше күн бұрын Нарышкин ЕКПА төрайымы Анна Брассердің атына жолдаған хатта да ол туралы нақты айтылған. Корпоративтік ұшақ апатқа ұшырады Gulfstream жеке ұшағы Хэнск-филд әуежайының ұшу-қону жолағынан аса беріп, шамамен алғанда Бостон қаласынан 30 шақырым жерде жарылған. Жергілікті биліктің ақпаратынша, корпоративтік ұшақ бортындағы 7 адамның бәрі де қаза тапқан. Ұшақ 31 мамыр күні АҚШ-тың «ойын астанасы» Атлантик-Ситиге ұшып баруға тиіс болатын. Қаза тапқандардың аты-жөндері мен қайғылы оқиғаның себептері әзірге айтылмай отыр. Тергеу жұмыстарымен Көліктегі ұлттық қауіпсіздік басқармасы мен Федералдық авиация басқармасы айналысуда. Бостон халықаралық әуежайының әріптесі ретінде жұмыс істеп келген аэродром осы оқиғадан кейін біржола жабылған. Интернет материалдары негізінде әзірленді.Шығыстағы екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 00:32
Қазақстанда көлік бағасы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше
ЭЦҚ-ны қайта алу қиындай түсті: қосымша тексеру енгізілді
Технология • Кеше
Екібастұзда жеке компания домофон тарифін негізсіз көтерген
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Тараздағы әскери мектеп-интернатқа барды
Президент • Кеше
Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті
Алматы • Кеше
Қазақстан Қысқы Олимпиадаға қанша лицензиямен барады
Спорт • Кеше
Абай • Кеше
2025 жылдың негізгі қорытындылары
Білім • Кеше