Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2022

ТЖМ Екібастұзға қосымша күштер мен құралдар жіберді

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғашқы күннен бастап ТЖМ Павлодар облысындағы бөлімшелері коммуналдық қызметтерге апаттың салдарын жоюға көмекке жұмылдырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ Екібастұзға қосымша күштер мен құралдар жіберді

Су басқан орындардан су сорып шығару үшін сорғылар қолданылды. Ауруханаларда жатқан  балалар мен пациенттерді Екібастұз қаласынан Павлодар қаласына эвакуациялауға көмек көрсетілді. Жертөле үй-жайларын жылыту мақсатында бензин генераторлары орнататылып, жылу пушкаларының жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. 

Бүгін Екібастұз қаласына қосымша ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді. Оған Астана қаласы, Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарының ТЖД құтқарушылары және 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы кірді. Бағытталған күштер мен құралдар жылыту құралдарымен (жылу пушкалары), электр қуатының дербес көздерімен, жарықтандыру аспаптарымен және байланыс құралдарымен жасақталған.

Жылу желілерінің авариялық учаскелері бойынша күштер мен құралдарды бөлу жүргізілді. Коммуналдық қызметтермен бірлесіп жылумен жабдықтау бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер мен мүделлі ұйымдардың жылыту пункттері орнатылды.