Бокс • 05 Желтоқсан, 2022

Ел біріншілігі басталды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодардағы «Баянтау» спорт кеше­нінде бокстан ерлер арасындағы Қа­зақ­стан чемпионаты басталды. Би­ылғы додада еліміздің әр өңірден келген 216 былғары қолғап шебері сынға түсіп жатыр.

Ел біріншілігі басталды

 

Тарихқа үңілер болсақ, тәуелсіз Қазақ­станның алғашқы чемпионаты осы облыс­тағы Екібастұз қаласында 1993 жылы ұйым­дастырылған. Ал 2016 жылы Кереку өңірі еліміздегі басты бәсекені екінші мәрте қабыл­дады. Араға алты жыл салып боксшылар тағы да Павлодарда бас қосты.

Алдағы күндері республикалық маңызы бар 3 қала мен 17 облыстың командасы күш сынасады. IBA ережесі бойынша биылғы ел чемпионатында 13 салмақтың (48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75, 80, 86, 92, +92 кг) үздіктері анық­талмақ. Чемпионатқа 2004 жылға дейін дүниеге келген спортшылар қатысып жатыр.