Әлем • 05 Желтоқсан, 2022

Испанияда автобустар жолаушыларды тегін тасиды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испаниядағы қалааралық автобус бағыттары тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Испанияда автобустар жолаушыларды тегін тасиды

Испания үкіметі автобуста тегін жүру механизмі енгізілетінін мәлімдеді. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы жол жүру картасы бар жолаушылар қоғамдық көлікпен ұзақ қашықтыққа тегін жете алады. 

Бағдарлама аясында елдегі 79 автобус бағыты тегін болады. Тегін болатын ең танымал бағыттардың қатарында Мадрид - Сеговия, Мадрид - Гвадалахара, Теруэль - Барселона және Сантандер - Бильбао - Барселона қалалары бар. Қалааралық автобус бағыттарының желісі Испанияның 2400 қаласын қамтиды, ал сапарлардың орташа ұзақтығы шамамен 900 шақырымды құрайды.

Осындай шара арқылы билік тұрғындарды өз көліктерінен бастартуға үндеп отыр. Аталған жоба жұртшылықты қоғамдық көлікпен жүруге шақыру мақсатында әзірленген. 

Айта кетейік, Испанияда биылғы жаздан бастап пойыздарда тегін жүру жоспарланған болатын. Сондықтан ұлттық теміржол операторы Renfe басқаратын 300 шақырымға дейінгі жолдарды қамтитын барлық қала маңындағы аймақтық желілер жыл аяқталғанша тегін болады.  

Соңғы жаңалықтар