Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2022

Бір күнде екі апат: БҚО-да 2 жүргізуші қайтыс болды

4106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО жолдарында бір күнде екі жол апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бір күнде екі апат: БҚО-да 2 жүргізуші қайтыс болды

4 желтоқсанда сағат 01:20 шамасында «Тасқала-Атамекен» автожолының 36 шақырымында ВАЗ-21074 автокөлігін басқарған 35 жастағы жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Сол күні сағат 07:30 шамасында Рубежинское ауылының маңында Lada-2107 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі ГАЗ-53 көлігіне соғылған. Апат салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.

Екі факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

па

рап