Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2022

Қарағанды облысында 56 жастағы шопан құтқарылды

4215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 желтоқсан күні таңертең мал іздеуге шығып, үйіне оралмаған шопан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында 56 жастағы шопан құтқарылды

«3 желтоқсан күні сағат 19:30-да Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Осакаров ауданы Тельманское ауылының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 1966 жылы туған ер адам таңертең мал іздеуге шығып, үйіне оралмаған», делінген хабарламада.

ТЖД мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар және жергілікті тұрғындар қатарынан іздеу топтары жіберілген. 4 желтоқсанда жоғалған адамды іздеуге «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылған. Әуеден іздеу жұмыстары Тельман, Шоқай және Сарыөзек ауылдық округтерінің аумағында жүргізілген. 

4 желтоқсан күні түстен кейін жоғалған адам Сарыөзек ауылынан табылған. Ер адам қатты боранның салдарынан жолынан адасқан. Шамамен 60 км жүріп өтіп, ол ескі қараусыз қалған үйді паналап, сол жерде түнеген.  Ер адамда бәрі жақсы, жылы киінгенінің арқасында жан сақтаған екен. Медициналық көмек қажет болмады.