04 Маусым, 2014

Түркиядағы саммитке қатысады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрік Республикасына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан  Президенті Түр­кия­ның Бодрум қаласына Түркітілдес мемлекеттер Кеңесінің төртінші саммитіне қатысу үшін келді. Саммит аясында Нұрсұлтан На­зарбаев Кеңеске мүше мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.