Спорт • 07 Желтоқсан, 2022

Маусымды қола жүлдемен бастады

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндияның Рука қаласында ұйым­дас­тырылған фристайл-акроба­тикадан Әлем кубогінің алғашқы ке­зеңі мәресіне жетті.

Маусымды қола жүлдемен бастады

Қысқы спорт маусымының басталғанына көп бола қоймаса да, әлемдік аренада бақ сынап жүрген қазақстандық спортшылар өрелі өнерімен көзге түсіп жатыр. Мәсе­лен, Рукадағы фристайл-акробатиканың алғашқы кезеңінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова сәтті өнер көрсетіп, биылғы Әлем кубогіндегі бірінші қола жүлдесін жеңіп алды. Ұлттық құрама көшбасшысы финалдағы жаттығуында 80,04 балл жинап, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Осылайша, Жанбота Әлем кубогіндегі жарыс­тарда осымен бесінші мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Қазіргі таңда ол Әлем кубогінің рейтингінде үздік үштіктің қатарында тұр.

Алғашқы кезеңде аустралиялық Даниэль Скотт топ жарса, канадалық Марион Теноулт күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық Аяна Жолдас пен Ардана Маханова іріктеу кезеңінен өте алмады.