Ғасырлық ғұмыр иесі 1922 жылдың 1 мамырында дүниеге келіпті. Мамандар төлқұжатын табыстауға барғанда алдына алып отырған Әбдімәлік есімді шөпшегі мен Күлхатша әже екеуінің арасында тұп-тура 100 жыл жатыр.
Әже өзіне қалтқысыз қызмет көрсеткен ХҚО мамандарының құрметіне алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Жыл басынан бері филиал мамандары тұрғындардың үйіне барып 1 882 қызмет көрсеткен. Әсіресе электронды цифрлық қолтаңба алу, төлқұжат ауыстыру және мүгедектерді техникалық-көмекші құралдармен қамтамасыз етуге керекті құжаттарды рәсімдеу қызметтеріне тапсырыс көп түсіп отыр.
Мүмкіндігі шектеулі жандар, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер және денсаулығына байланысты жүріп-тұруы шектелген 65 жастан асқандар 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтің осы түріне тапсырыс бере алады.