Биылғы әлем біріншілігіне Нұржан Смаханов жаттықтыратын Қазақстан құрамасынан 13 спортшы (9 ер, 4 әйел) аттанды. Атап айтар болсақ, Колумбияда ел намысын әлем және Азия чемпионы Арли Чонтей (55 кг), Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов (89 кг), жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Нұрғиса Әділетұлы (96 кг), жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Артем Антропов (102 кг), сондай-ақ түрлі додада ел қоржынына жүлде салып жүрген Анатолий Савельев (67 кг), Алексей Чуркин (73 кг), Арай Нұрлыбекова (76 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), Асылжан Бектай (89 кг), Әлішер Сейітқазы (96 кг), Айша Омарова (81 кг), Айым Есжанова (87 кг) және Любовь Ковальчук сынды спортшылар қорғайды.
Бір айта кетерлігі, 16 желтоқсанға дейін жалғасатын Боготадағы толағайлар бәсекесінде 2024 жылы Парижде ұйымдастырылатын Жазғы Олимпия ойындарының жолдамасы сарапқа салынады.