Білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталуы үшін келесі мерзімдер белгіленді.
Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы:
1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсан және демалыс ұзақтығы мынандай тәртіппен бекітілмек:
1 тоқсан - 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда);
2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс - 9 күн (31 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарды қоса алғанда);
3 тоқсан - 10 апта, көктемгі демалыс - 9 күн (18-26 наурызды қоса алғанда);
4 тоқсан - 10 апта.
1 сыныптарда қосымша демалыс - 7 күн (6-12 ақпан аралығын қоса алғанда).
Білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша баламалы мерзім (пилоттық, халықаралық мектептер және басқалар):
Ондай жағдайдағы оқу тоқсандарының мерзімдері мынандай тәртіпте ұсынылып отыр:
1 тоқсан - 9 оқу аптасы, күзгі демалыс - 10 күн (23 қазаннан бастап 1 қарашаны қоса алғанда);
2 тоқсан – 9 апта, қысқы демалыс - 15 күн (31 желтоқсаннан бастап 14 қаңтарды қоса алғанда);
3 тоқсан – 9 апта, көктемгі демалыс - 9 күн (20-29 наурызды қоса алғанда);
4 тоқсан - 9 апта;
1 сыныпта қосымша демалыс - 7 күн.