Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2022

Қазақстанға келген туристер саны 3,6 есе өсті

1378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 9 айында 5,5 миллион қазақстандық шетелде демалып, 3,4 миллион адам басқа елдерден Қазақстанға демалуға келген, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанға келген туристер саны 3,6 есе өсті

«Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда шетелге демалуға барғандар саны 2,2 есеге, Қазақстанға демалуға келгендер саны 3,6 есеге өскен. Бұл ретте ішкі туристік бағыттарға келушілер саны 25,1%-ға артып, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жергілікті сұлулықты 4,8 млн адам тамашалады. Келушілерге 3965 демалыс орны дайындалды, онда 84 416 бөлме бар. Ол жерде 5,4 миллион адам демалып, 129 183,2 миллион теңгеге қызмет көрсетті», делінген хабарламада.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі (мейрамхана қызметтерін қоспағанда) өткен жылмен салыстырғанда 54,5%-ға өскен.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы биылғы жылдың 9 айында курорттық аймақтарға 2,4 миллион қазақстандық және 317,2 мың шетелдік турист келгенін атап өтті.