Спорт • 08 Желтоқсан, 2022

Жүлдегер атанды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Григорий Ломакин, Ярослав Пше­ничный және Тайыр Қайретдинов бастаған қазақстандық жас теннис­шілер халықаралық турнирлердің финалисі атанды.

Жүлдегер атанды

Атап айтқанда, Г.Ломакин жұптық сында бразилиялық Игор Хименеспен бірге Вакарияда (Бразилия) ұйымдастырылған ITF жарысының (жүлде қоры – 25 мың доллар) финалына дейін жетіп, соңғы бәсекеде бра­зилиялықтар – Жоао Лоурейро мен Гус­таво Хейдеге есе жіберді – 6:3, 6:7 (5:7), 5:10.

Түркияда 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe додасында Пшеничный мен Қайретдинов финалда ресейлік Картцев пен түркиялық Байбарысқа жол берді – 4:6, 2:6. Ал Испаниядағы Рафаэль Надаль академиясында 12 жасқа дейінгілер арасында өткізілген TEN-PRO Global Junior Tour турнирінде Полина Лазаренко үшін­ші орынға ие болса, Абылай Төлеубаев «Турнир­дің үздік ойыншысы» аталымы бойынша арнайы жүлдемен марапатталды.