Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, Париж Олимпиадасына жетелейтін рейтинг ұпайлары сарапқа салынатын турнирге әлемдік таэквондо жұлдыздары қатысып жатыр. Ал бұл аламанға Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы барады. Олар – Токио Олимпиадасына қатысушылар Жансель Дениз (+67 кг) бен Смайыл Дүйсебай (+80 кг).
Жалпы, Олимпиада бағдарламасына кіретін 8 салмақта (4 ер, 4 әйел) 40 елдің 128 даянг шебері жылды қорытындыламақ. Гран-при жарысында ұпайдан бөлек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйақыға ие болады.