«9 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Талғар ауданы аумағында оқ-дәрі қоймасы табылды. Тексеру кезінде 16-калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, қолдан жасалған 5,6 калибрлі винтовкадан жасалған кесілген шолақ мылтық, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, Калашников автоматы, жауынгерлік және шуыл гранаталары тәркіленді», деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.