Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2022

Қостанай облысында жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар көлігі жанып кетті

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар көлігі жанып кетті. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар көлігі жанып кетті

10 желтоқсан күні сағат 17.50 шамасында «Қостанай-Әулиекөл» тас жолының 22-шақырымында, Талапкер ауылының маңында «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан көлік шетке ұшып, сол жерде отқа оранды. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.