Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда еңбек нормаларының жаңа жүйесі енгізіледі

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жазатайым оқиғаны тергеу кезінде қызметкердің кінәсінің дәрежесін анықтау тетіктері қайта қаралады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда еңбек нормаларының жаңа жүйесі енгізіледі

«2023 жылдың 1 сәуірінен бастап қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдердің алдын алу және уақтылы бағалау мақсатында – Цифрлық ахуал орталығы іске қосылады. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы бір жарым мыңнан астам стандарттар қайта қаралады. Еңбек нормаларының жаңа жүйесі енгізіледі», деді Еңбек министрі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2023 жылдың 20 қарашасына дейін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалады.

«Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізе отырып, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде қызметкердің кінәсін анықтау қайта қаралады. Сондай-ақ 2023 жылы мемлекет, бизнес және жұмысшылар арасындағы әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттыру мақсатында «Кәсіподақтар туралы» заңға қажетті өзгерістер енгізіледі», деп толықтырды министр.