Оқиға • 14 Желтоқсан, 2022

Теміртаудағы мектептен жарылғыш зат іздестірілді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртауда оқушы сабақтан үйіне ерте қайту үшін мектепте жарылғыш зат орнатылды деп мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Теміртаудағы мектептен жарылғыш зат іздестірілді

14 желтоқсан күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Теміртау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына белгісіз бала «20 мектепті және онда бар барлық адамдарды жарамын» деп мәлімдеген.

Бірден оқиға орнына саперлер мен барлық жедел қызметтер жіберілген. Полиция қызметкерлері мектептен барлығы 500 адам, яғни мұғалімдер мен оқушыларды эвакуциялады. Сондай-ақ мектептің айналасы полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды. Білім беру мекемесіне жүргізілген тексеру жұмыстары барысында оның ішінен ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына (Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Теміртау қалалық Полиция басқармасы экстремизмге қарсы күрес бөлімі қызмектерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында сол мектепте оқитын 12 жастағы оқушы анықталды. Ол үйіне ерте кету үшін мектепте жарылғыш зат бар деп хабарлаған.