Теннис • 15 Желтоқсан, 2022

Мамандар Алматыда бас қосты

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдада теннистен ұлттық жат­тық­тырушылар ұйымының кезекті конференциясы өтті. Бұл жиынға алыс-жақын шет мем­ле­кеттен 140-тан астам тә­лім­гер қатысты.

Мамандар Алматыда бас қосты

Аталған іс-шара барысында осы спорт түрінің басы-қасында жүрген майталман мамандар қатысушыларға құнды ақыл-кеңес беріп, өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Мәселен, 76 жастағы Иван Молина кезінде Колумбияның ең белді теннисшілерінің бірі болды. Ол аралас жұп сайысында 1974 жылы әйгілі Мартина Навратиловамен бірге Ролан Гарростың жеңімпазы атанса, 1977 жылы финалда ойнады. Кейіннен бапкерлік кәсіпте бағы жанып, бір шоғыр жұлдызды тәрбиеледі. Молинадан бөлек, Батыс және Орталық Азиядағы ITF дамыту жөніндегі маман Әмір Борей, Team Kazakhstan академия­сының жаттықтырушысы Сергей Квак, Қазақ­станның танымал теннисшісі Диас Досқараев және Беларусьтан келген сарапшы Наталия Верина сөз сөйлеп, қызықты деректермен бөлісті.