Әлем • 15 Желтоқсан, 2022

Ресейдегі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ангарскідегі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейдегі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзевтің айтуынша, Ангарскідегі АНХК өндірістік алаңының технологиялық қондырғысында өрт шыққан. Өрт аумағы шамамен 2500 шаршы метрді құрады. Өрт ауыздықталды. Оны сөндіруге 100-ден астам адам мен 25 техника жұмылдырылды.

Облыс әкімі оқиғаның жергілікті инфрақұрылым жұмысына әсер етпегенін, сондай-ақ Ангарск тұрғындарына төніп тұрған қауіп жоғын айтты.

Оқиға салдарынан зардап шеккендердің бірі орташа ауырлықта ауруханаға жатқызылды. Тағы үш жаралыға амбулаторлық көмек көрсетілді.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға Ресей ғылым академиясының Байкал геофизикалық қызметінің жабдығы анықтаған сейсмикалық белсенділік себеп болуы мүмкін.