Биылғы додаға халықаралық аренада бақ сынап жүрген көптеген боксшы қатысуға ниет білдірген. Мәселен, жуырда ғана Амманда мәресіне жеткен Азия біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Ыстанбұлдағы әлем чемпионаты мен Олимпиада жүлдегерлері Қостанай төрінде жарыс көркін қыздырады.
Жалпы, чемпионат аясында боксшылар 92 жекпе-жек өткізеді. Ал ең көп боксшы 48 кило салмақта тіркелген. Қостанайдағы бұрымдылар додасы 17 желтоқсанда мəресіне жетеді.