Әлем • 18 Желтоқсан, 2022

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Корея жексенбі күні Жапон теңізіне екі баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды

Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымырандар ұлттық экономикалық аймақтан тыс жерге құлаған. 

Зымырандар жергілікті уақыт бойынша 11:13 және 12:05-те ұшырылған. 

2022 жылдың басынан бері Солтүстік Корея әртүрлі қашықтықтағы 60-тан астам зымыран ұшырды.