Жекпе-жек кешінің шымылдығын 33 жастағы жерлесіміз С.Морозов пен жергілікті спортшы Джурни Ньюсон (10-4-0-1) ашып берді. Үш раундқа жоспарланған алғашқы айқаста жерлесіміз қарсыласына қарағанда дәл соққыларды көп жұмсап, нәтижесінде үш төреші де жеңісті бірауыздан отандасымызға берді – 30-27, 29-28, 29-28. Бұл – Сергейдің UFC ұйымындағы үшінші жеңісі. Бұған дейін ол бес айқаста қарсыласынан жеңілген еді.
Өкінішке қарай, UFC-де өнер көрсететін Орынбордың қазағы Дамир Исмағұлов (24-2) бұл кеште жеңіліп қалды. Әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұрған Арман Царукянмен (19-3) жұдырықтасқан Дамир үш төрешінің бірауыздан шығарған шешімімен қарсыласына жол берді.