Хоккей • 19 Желтоқсан, 2022

Жоғары дивизионға шыға алмады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Норвегияның Аскер қаласында өткен жастар ара­сын­дағы әлем чемпионатының І диви­зион­дағы А тобының ойындары өз мәресіне жетті.

Жоғары дивизионға шыға алмады

Александр Истомин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы А тобының соңғы матчында жарыс қожайыны Норвегия хоккейшілеріне 5:3 есебімен жол беріп, әлем чемпионатының топ-дивизионына жолдама ала алмады. Бұл матчта Норвегия құрамасы сапынан Петтер Вестерхейм (15-минут), Габриэль Кох (23), Лео Хальмраст (31), Михаэль Брандсегг-Нюгар (36) және Исак Хансен (53) гол соқса, қазақстандық хоккейшілерден Алдияр Нұрлан (32-минут), Даниил Цыбин (37) және Роман Ермак (56) мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, топтағы барлық бес кездесуде жеңіс тойын тойлаған Норвегия хоккейшілері 15 ұпаймен бірінші орынға ие болып, жоғары дивизионға жолдаманы жеңіп алды. Үш ойында жеңіске жетіп, екі матчта қарсыластарына жол берген Қазақстан жас­тар құрамасы екінші орынға ие болды. Атап айтқанда, жерлестеріміз Словения (4:2), Дания (4:0) және Мажарстанды (3-2) жеңсе, алғашқы ойында күтпеген жерден Франция құрамасына (2:0) есе жіберді.