Спорт • 20 Желтоқсан, 2022

«Қуаныш» қуанта алмады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Анталия қаласында ұйымдастырылған волейболдан әйел­дер арасындағы клубтық әлем чемпио­натында Қазақстанның «Қуа­ныш» клубы өз жанкүйерлерін қуанта алмады.

«Қуаныш» қуанта алмады

Биылғы Азия біріншілігінде жеңімпаз атанған Петропавлдыӊ «Қуанышы» әлем чемпионатында өнер көрсету мүм­кіндігіне ие болған еді. Өкінішке қарай, жерлестеріміз топтық кезеңдегі екі турда да қарсыластарына жол беріп, әлем бірін­шілігін алтыншы орынмен түйіндеді. «Қуаныш» бірінші турда былтырғы әлем чемпионы Түркияның «VakifBank» командасынан 3:0 есебімен жеңілсе, екінші турда Бразилияныӊ «Minas» клубынан да дәл сондай есеппен жеңілді.

Турнирдің бас жүлдесін Италияның «Конельяно» командасы жеңіп алды. Олар финалда Түркияның «VakifBank» клубынан басым түсіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.