Руханият • 23 Желтоқсан, 2022

Оқырманмен ашық әңгіме

344 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Әдеби насихат пулы» жобасы – Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы қаласы мәдениет басқармасының бірігіп қолға алған игі шарасы. Оның мақсаты – мегаполистің әр аудандарында қаламгерлермен кездесулер ұйымдастырып, ұлттық бол­мысымызға негізделген рухани құндылықтарды дәріптеу болды.

Оқырманмен ашық әңгіме

Әрине, кездесулер барысын­да мемлекеттік саясат пен руха­ният­тағы жаңашылдықты наси­хат­тауға баса ден қойылды. Осы бағыт­тағы жұмыстың түйіні қа­ла­дағы кітапханаларда Алматы қаласында тұратын ақын-жазу­шы­лармен кездесулер өтті. Мәде­ниет басқармасына қарасты қала­лық кітапханалар желісі ұйым­дастырған әдеби іс-шара әуелі Қазақ­стан Жазушылар одағы­­ның бас­қарма төрағасы, ақын, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлық­бек Есдәулет және белгілі жа­зу­шы, халық­аралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты Қуан­­дық Тү­мен­баевпен кездесуден бас­тал­ды. Алматыдағы Қазақстан жазушылары кітапханасында өт­кен кездесуде ақын мен жазу­шы оқырмандардың әдебиет пен мәдениет, қоғамдағы басқа да өткір тақырыптарға орай қой­ған сауалдарына жауап беріп, қол­таңба қойылған кітаптарын тарту етті. Келесі кезекте қалада­ғы №4 кітапханада ақын Ақберен Елгезек пен «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Ырысбек Дәбей оқырмандармен кездесті. Тағы бір рухани әңгіме Крылов атын­дағы кітапханада өтіп, оған ақын­дар Бақыт Беделхан мен Бағ­дат Мүбәрак қатысты. Ал жазу­шы Сәуле Досжан Алматы ауданы­ның кітапхансында өз оқыр­ман­дарымен кездессе, Че­хов атында­ғы орталық қала­лық кітапхана­да халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Заида Елғондинова өлеңсүйер қауымның қошеметіне бөленді. Дәл осындай тағылымды іс-шара­ның бірі №29 кітапханада өтіп, оған көрнекті ақын Бауыржан Жақып пен «Әдебиет» баспасы­­ның директоры Ғалым Қалибек­­ұлы ­қа­­тысты. Сондай-ақ қала­да­ғы ­№20 кітапханада ақындар Жаңыл­­хан Асылбекова мен Қал­маханбет Мұқаметқали да оқырмандар­мен қауышып, әдебиет тура­лы әңгіме әдемі жыр кешіне ұлас­ты. Нұртас Тұрғанбекпен, Арай­лы Жақсылықпен өткен оқыр­мандар кездесуіне жастар көп­теп жиналды. Олар қазіргі жас буын әдебиет­шілердің шығармашылығымен танысып, еркін әңгімеге ерік берді.

– Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Жазу­шы­лар одағы ұйымдастырған «Әдеби насихат пулы» атты жоба аясындағы мұндай кездесулердің шығармашылық иесіне берер қуаты мол. №29 қалалық кітапха­на ұжымымен және оқырман жас­тармен кездесу барысында мұны анық сезіндік. Ақын Бейбіт Сарыбай жүргізген кездесуде оқыр­мандардың көптеген сауалына жауап беріп, бүгінгі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері туралы сөз қозғадық, күркіреп өлең оқыдық. Жылы шырайлы жүз­десуден алған әсер ұшан-теңіз, – дейді ақын Бауыржан Жақып.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • Бүгін, 08:50

Жол құрылысы жандана түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Қазақ неге аштыққа ұшырады?

Тарих • Бүгін, 08:35

Әлкей әлемі

Тағзым • Бүгін, 08:25