Экономика • 23 Желтоқсан, 2022

Жаңа өңірге – жаңа филиал

243 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Абай облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлімшесі ашылды

Семей қаласында «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа филиалының ресми ашылуы өтті. Оған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Айдар Прашев қатысты.

Жаңа өңірге – жаңа филиал

– Абай облысында кәсіп­кер­лік­ті дамытуға және қолдауға көп көңіл бөлінеді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында және бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының нәти­же­сінде кәсіпкерлердің тө­мен­гі пайызбен несие алуға мүм­кіндіктері бар. Өңірлік фи­лиалдардың, қорлардың жұ­мы­сы микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ба­ғыт­талатынына сенімдімін. Нақты өңірлік бағдарламаларды іске асыру үшін қаражат тарту жұ­мы­сы жалғасады. Бұл жаңа жұ­мыс орындарын құруға және халықтың өмір сүру сапасын арт­тыруға мүмкіндік береді, – деді Ұлттық экономика министрі Əлібек Қуантыров.

Жаңа филиалда Абай облы­сы­ның ауыл шаруашылығы өн­ді­рушілері қажетті техниканы ли­зингке ала алады. Филиал қыз­меті Бесқарағай, Бородулиха және Абай аудандарының шаруа­лары үшін көлік шығындарын едәуір қысқартып, бизнес-про­цес­терді жеделдетуге мүмкіндік береді.

– Бұған дейін Шығыс Қа­зақ­стан облысының фермерлері техниканы лизингке алатын ең белсенді пайдаланушылардың бірі болды. 11 айда облыста 698 техника лизингке берілді. Осы мәліметке сай Абай облысының ауыл шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуеті бары байқалады. Тағы бір айта кетерлігі, Абай облысының тұрғындарына біздің тарапымыздан көптеген мүмкіндік жасалады. Алдағы уақытта бұл туралы қосымша хабарлайтын боламыз, – деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.

Абай облысында кем дегенде 650 фермерлік шаруашылық техниканы ұзақ мерзімге жалға ала алады. Бұл – ауылшаруашылық бизнесін құру және дамыту үшін үлкен қолдау. Түптеп келгенде, мұның өзі дүкен сөрелеріндегі өнімдердің молая түсуіне оң ықпалын тигізетіні даусыз.

Сонымен қатар осы салтанатты іс-шараға қатысып, сөз сөйлеген «Аграрлық несие кор­порациясы» АҚ басқарма төра­ғасы Алмат Әшірбеков пен «Қазақстан фермерлері ассо­­циациясы» облыстық фи­лиа­­лының төрағасы Серік Байғалиев жаңадан құрыл­ған Абай облысында «Қаз­Агро­Қар­жы» акционерлік қоғамы филиалының ашылуы маңызды қадам екенін айтты. Бүгінде шаруа қожалығымен айналысып, кәсібін дөңгелетіп жүрген азаматтар көбею үстінде. Сон­дық­тан, оларға қолайлы жағдай жасау қажет. Әлбетте, оның нәти­же­сі де болуы керек.

Бүгінде арнайы ішкі бағ­дарламалар мен мобильді қо­сымшаларды жетілдіру мақ­са­тында жұмыс жүргізіліп жатыр. Олар қолданушыларға мейлінше түсінікті әрі жеңіл болатындай құрастырылып, ұсы­нылған қыз­меттерді адамдар үй­лерінде отырып ала алады.

Осы орайда «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің агроөнеркәсібі ли­зингі нарығында аталған са­ла­ның заманауи және жоғары тех­нологиялы техникаға қажет­ті­лігін қамтамасыз етіп отырған көшбасшы болып саналады.

– Бүгінгі таңда компаниямыз қазақстандық лизинг нарығының шамамен 80 пайызын қамтып отыр. Филиалдарымыз еліміздің барлық өңірінде қызмет көрсетіп келеді. Оларды жақын арада биыл құрылған Ұлытау және Жетісу облыстарында да ашамыз, – деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.

 

Бақытгүл ҚАЗЕЗ