Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2022

Биыл елімізде 800 орман өрті тіркелді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл елімізде 800 орман өрті тіркелді

«Биыл өрт қаупі кезеңінің басынан бастап 800 орман және 111 дала өрті тіркелді», деп атап өтті Юрий Ильин.

Сонымен бірге ол Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне орман өрттерін ертерек анықтау жүйесін қолдану тәжірибесін күшейту қажет екенін атап өтті. Қазіргі уақытта осындай жүйе тек «Бурабай» табиғи паркі аумағында орнатылған. Онда мұнараға орнатылған бейнекамерелардың көмегімен орманның түкпір-түкпіріне дерлік бақылау жүргізіледі.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың өрт және авиациялық техниканың су алуы үшін табиғи және жасанды су айдындарын жасау туралы тапсырмасы басты назарда екені де айтылды.

Бұдан өзге облыстардың әкімдіктеріне қамыс өртенген жағдайда өрттің орман алқаптарына және азаматтардың тұрғын үйлеріне өтуіне жол бермеу үшін қамыс өсімдіктерін уақтылы ору жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында 2022 жылы 15 мыңнан астам рейд жүргізілгенін атап өтті. Рейдтер нәтижелері бойынша 1,5 мыңнан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жергілікті атқарушы органдарға елді мекендердің қауіпті кезеңге дайын еместігі туралы 1,7 мыңнан астам ескерту жасалды.