Қоғам • 23 Желтоқсан, 2022

«Самұрық-Қазына» 800-ден астам балаға жаңажылдық сыйлық табыстады

356 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана мен Алматыда «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері жаңа жылды онкологиялық орталықта қарсы алатын балаларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» 800-ден астам балаға жаңажылдық сыйлық табыстады

Елімізде «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды. Кішіні сен сыйласаң кісі сені сыйлайды» деген керемет сөз бар. Бүгінгі кездесулер осы сөз бен түсініктің тереңдігін еске түсірді.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының бастамасымен ұйымдастырылған шарада Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы мен Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында оңалтудан өтіп жатқан 310 балаға жаңажылдық сыйлықтар мен сертификаттар тарту етілді.

д

Мәселен, бүгін Алматыдағы орталықта онкологиялық аурулары бар 155 бала ем алып жатыр. Осы балаларға еншілес компаниялар атынан қордың Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов жаңажылдық сертификаттар табыстап, ата-аналарымен тілдесті.

д

«Қазір елімізде медицина саласы жоғары деңгейде. Мықты құрал-жабдықтар бар. Дәрігерлеріміз де өте білікті. Сондықтан осы сынақтан тез өтіп, өмірлеріңізде жарқын кезеңдер мол болсын!», деді Ғибрат Ауғанов.

Дәл осы күні Астана қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы да жаңажылдық көңіл-күйге бөленді. Бұл жерде де оңалтудан өтіп жатқан 155 балаға арнайы сертификаттар берілді.

Құны 50 000 теңгелік сертификаттар арқылы ата-аналар балаларымен ақылдасып, өздері таңдаған кез-келген сыйлықты «Балалар әлемі» дүкендер желісінен сатып ала алады.

Сонымен қатар елордадағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіндегі 500 ерекше бала да сыйлықсыз қалмады. «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева жеткіншектерге тәттілер жиынтығын үлестірді.

д

«Армандар орындалу керек. Ал біз, ересектер, бұл жолда барынша күш салатын боламыз. Бәрі мүмкін, тек армандай біліңдер. Баршаңа мықты денсаулық пен ғажайыпқа деген сенім тілеймін», деді Альфия Адиева.

ы

Қайырымдылықтың басым бағыттары денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спортты дамыту және азаматтардың әлеуметтік осал топтарын қолдауға негізделген.