Әлем • 24 Желтоқсан, 2022

Чилидегі орман өртінен 30 адам зардап шекті

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чилидегі Винья-дель-Мар курорттық қаласын шарпыған орман өртінен кем дегенде екі адам қаза тапты. Тағы 30 адам күйік пен түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап. 

Чилидегі орман өртінен 30 адам зардап шекті

Бейсенбіде қаланың таулы аймағын өрт шарпыды. 50 км/сағ-қа дейінгі қатты желдің әсерінен өрт тез таралып, шамамен 125 гектар аумақты қамтыды. Бірнеше аудандардың тұрғындарын эвакуациялауға тура келді.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, Чили Президенті Габриэль Борич елде төтенше жағдай енгізді.

Соңғы жаңалықтар