Әлем • 25 Желтоқсан, 2022

АҚШ-тағы қарлы бораннан 30-ға жуық адам қаза тапты

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-қа соққан «Элиот» қарлы бораны салдарынан 30-ға жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

АҚШ-тағы қарлы бораннан 30-ға жуық адам қаза тапты

Жексенбіде 200 мыңнан астам адам электр қуатынсыз қалды. Бір күн бұрын мыңдаған ішкі және халықаралық рейстер тоқтатылды. Нью-Йорк штатында «Буффало-Ниагара» халықаралық әуежайы жабылды. Нью-Йорк пен қала маңындағы тұрғындардан газ тұтынуды азайту сұралды.

Қолайсыз ауа-райы туралы ескертулер ел халқының үштен екісіне әсер етті.

Ұлттық метеорологиялық қызметтің мәліметі бойынша, мұндай қолайсыз ауа райы АҚШ-та алғаш рет орын алды. Кейбір аудандардағы термометрлер минус 45 градусқа дейін төмендеді. Бірқатар штаттарда төтенше жағдай режимі енгізілді.