Оқиға • 26 Желтоқсан, 2022

Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырады

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елдің шығысында Корея Республикасының әскери ұшағы құлады, екі ұшқыш ұшақтан эвакуацияланып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Жергілікті БАҚ қызметінің хабарлауынша, КА-1 жойғыш ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 11:40 шамасында Сеулден шығысқа қарай 140 шақырымдай жерде орналасқан Хвенсон округінде құлады.

Екі ұшқыш жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ұшақ далаға құлады. Әзірге тұрғындардың зардап шеккені туралы ақпарат жоқ.

Әскери билік апаттың нақты себебін анықтап жатыр.