Оқиға • 27 Желтоқсан, 2022

Кімге сенім артамыз?

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында шахматтың рапид және блиц түрлерінен кезекті әлем чемпионатының жалауы желбіреді.

Кімге сенім артамыз?

Биылғы додада әлемнің 50 елінен келген 250-ден астам шахматшы бақ сынап жатыр. Атап айтқанда, олардың қатарында әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия), вице-чемпион, Америка чемпионы Фабиано Каруана, фишер шахматы бойынша әлем чемпионы Хикару Накамура (АҚШ), әлем чемпионатының финалисі Ян Непомнящий (FIDE) бар.

Сондай-ақ Алматыдағы әлем чемпио­натында Қазақстан құрамасынан Ринат Жұмабаев, Жансая Әбдімәлік (рейтингте 2496 ұпайы бар), Динара Сәдуақасова және рапидтен былтырғы әлем біріншілігінің жеңімпазы Бибісара Асаубаева (2440 ұпай) бас жүлде үшін сынға түседі. Шахмат­шы­лардың дүниежүзілік додасы 30 желтоқ­санда аяқталады.