Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2022

БҚО-да екі жүк көлігі соқтығысып қалды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 желтоқсан күні сағат 18:00 шамасында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбі ауданында Самара-Шымкент тасжолында Volvo және DAF көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да екі жүк көлігі соқтығысып қалды

фото: polisia.kz

Volvo көлігін басқарған 44 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Қырғыз Республикасының азаматы басқарған DAV көлігімен соқтығысқан. 

Оқиға салдарынан Volvo көлігінің 44 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның 24 жастағы жолаушысы Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.