Теннис • 29 Желтоқсан, 2022

United Cup турнирінде бақ сынайды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Аустралияның Брисбен, Перт және Сидней қалаларында теннистен United Cup командалық турнирінің жалауы желбірейді. Биыл алғаш рет өтетін жарысқа әлемнің ең таңдаулы 18 құрамасы қатысады. Олардың арасында Қазақстан теннисшілері де бар.

United Cup турнирінде бақ сынайды

Хопман кубогі және ATP Cup жарысының орнын басатын аталған додаға қатысушылар ATP және WTA рейтингінде 500 ұпайға дейін иеленіп, табысын молайта алады. Бұл сында Қазақстан намысын Юлия Путинцева (№51), Жібек Құламбаева (жұптық сында №202), Гөзал Айнитдинова (жұптық сында №392), Александр Бублик (№37), Тимофей Скатов (№142), Денис Евсеев (№292) және Григорий Ломакин (жұптық сында №205) қорғайды.

Қазақстандық теннисшілер В тобында Польша және Швейцария құрамаларымен сынға түседі. Бұл топтағы бәсекелердің бә­рі Брисбен қаласында өтеді. Бүгін ал­ғаш­қы болып Юлия Путинцева, іле-шала Ти­мо­фей Скатов кортқа шығады. Путинцева швей­цариялық Белинда Бенчичпен шеберлік байқасады. Жерлесіміз Б.Бенчичпен бү­гінге дейін бес мәрте кездесіп, үш матчта қар­сыласынан басым түскен. Скатовтың қар­сыласы – Марк-Андреа Хюслер.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024