Оқиға • 29 Желтоқсан, 2022

«Корольдің» ауылы алыстап барады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында рапид және блиц шахматтан кезекті әлем чемпионаты өтіп жат­қаны белгілі. Жарыстың екінші кү­нінен кейін тек екі отандасымыз ғана ТОП-10 шахматшының қатарынан көрінді.

«Корольдің» ауылы алыстап барады

Ерлер арасындағы алғашқы екі турдан кейін норвегиялық даңқты шахматшы Магнус Карлсен жеке-дара көш бастап тұр. Ал қазақстандық шахматшылардан ең үздік нәтиже Әлішер Сүлейменовке тиесілі. Ол рейтингте 38-орында келеді.

Ал қыздар арасындағы бәсекеде алғашқы орынды үш спортшы өзара бөлісіп тұр. Олар: қытайлық Тань Чжунъи, ресейлік Александра Горячкина және үндістандық Савита Шри. Жерлестерімізден Жансая Әбдімәлік (8-орын) пен Динара Сәдуақасова (9) ғана ТОП-10 шахматшының қатарында. Жылдам шахматтан былтырғы әлем чемпио­ны Бибісара Асаубаева болса, екі ойыннан кейін рейтингте небәрі 54-сатыға жайғасқан.