Спорт • 29 Желтоқсан, 2022

«Қайраттың» оныншы кубогі

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Алматының «Қайраты» өз тарихында 18 мәрте Қазақстан кубогі турнирінде үздік шықты. Рикардо Кака шәкірттері финалда Ақтөбенің «Рахмет» клубын тізе бүктірді.

«Қайраттың» оныншы кубогі

Семейде өткен финалдық бәсекенің негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталып, командалар бес минуттан екі экстра-тайм ойнауға мәжбүр боды. Аса тартысты өткен бәсекенің есебін бірінші болып «Рахмет» клубының ойыншысы Айсұлтан Жолдыбаев ашса, «Қайраттан» Біржан Оразов таразы басын теңестірді. Екінші таймда алма­тылықтардан Альберт Ақбалықов пен Кайо Сезар мергендігімен көзге түссе, ақтөбелік­тер­ден Азамат Арыстанов пен Әлішер Сәр­сенбаев екі голмен жауап қайтарды. Сөйтіп негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталды.

Қосымша екі таймда «Қайрат» пен ұлттық құраманың көшбасшысы Дуглас екі мәрте мергендігімен көзге түсіп, командасына 18-кубогін алып берді – 5:3. «Қайрат» Қазақстан кубогін қатарынан оныншы рет жеңіп отыр.