Қоғам • 30 Желтоқсан, 2022

Жылылық ескен жыл

300 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Бала дейтін аяулы ұғымның ауқымын қалағанша кеңейтіп сипаттай беруге болады. Бірақ өмірдің өзіндей қарапайым түсінікке салсақ, бала – адам үшін де, қоғам үшін де үлкен жауапкершілік. Мұның бүгініміз бен болашағымыз үшін маңызы өте зор. Биыл осы жауапкершілікті сезіндіре түсетін серпінді бастамалар қолға алынып, Балалар жылы жақсылықтың жаршысы болды деуге толық негіз бар.

Жылылық ескен жыл

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»; Инфографикаларды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ «EQ»

Иә, биыл жақсылықтың жаршысы болған жаңалықтар жетерлік. Оның басында, әлбетте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірегей бас­­тамасы «Ұлттық қор – балаларға» бағ­дарламасы тұр. Бұл балаларды бола­шағымыз деп білетін әділетті қоғам­ның қисынды қадамы болмақ. Өйткені ұлт байлығының бір үлесі келешек ұрпақ қамы үшін жиналады. Дәлірек айтқанда, жаңа бағдарламаны жүзеге асыру арқылы Ұлттық қор­дың жыл сайынғы инвестициялық табы­сының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жиналған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.

Балалар жылына арналған осы жылы елімізде 6,6 миллионнан аса бала тұ­рып жатқанын атап өткен жөн. Оның 2,5 миллионы 5 жасқа дейінгі балалар болса, 3,4 миллионы – оқушылар. Бұл қатарды биыл 402 мың бала толтырды, яғни осынша бала дүние есігін ашты. Осы орайда мына жаңалықты да қаперге сала кеткеніміз мақұл: Президент тапсырмасымен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі үшін жәрдемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылады. Бұл игілікті сәбиі 2022 жылы жылы дүниеге келген ата-аналар да көре алады. Мемлекет басшысы айтқандай, аталған жаңалық балалардың ең маңызды шағы – сәби кезінде ата-анасының жанында көбірек болуы үшін маңызды.

Арнаулы жылдың басында Үкімет қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітілген еді. Бұл жоспар балалардың физиологиялық, зияткерлік, рухани дамуына жағ­дай жасау арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсартуға, құ­қығы мен заңды мүддесін қор­ғауды қам­тама­сыз етуге ба­ғыт­­­тал­ды. Осы рет­пен биылғы іс-ша­­ра­лардың ең негізгілеріне тоқ­­та­лып өткенді жөн көріп отыр­мыз.

 

Денсаулық сақтау

Ана мен баланың амандығы, бала­лардың денсаулығын күтіп, жан-жақ­ты медициналық қызметтің қолже­тімділігін қамтамасыз ету – ұдайы на­зарда ұстайтын мә­селе. Бұл ретте балаларға ме­ди­циналық көмек көр­­сетудің көпдеңгейлі тәсілі жүзеге асы­рылады. Амбулаториялық көмекті 5 690 медициналық-сани­тарлық алғашқы кө­мек объектісі көрсетеді. Стацио­нар­лық көмек үшін 204 аудандық ор­талық аурухананың, 10 қа­лалық және 13 облыстық балалар ауруханасының базасында 8 130 балалар төсек-орны жаб­дықталған.

Республикалық деңгейде үш негізгі орталықта – Астана­дағы Ана мен бала ғылыми орта­лы­ғында, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орта­лығы мен Алматы қаласындағы Ақсай университеттік клиникасында 815 төсек-орны бар. Бұл ұйым­дар өңір­лерге жетекшілік етуді, ұйым­­­дасты­рушылық-әдістемелік және прак­тикалық көмекті жүзеге асы­­рады. Жо­ғары технологиялық медициналық көмек көрсету, диаг­нозды нақтылау және одан әрі жүр­гізу тәсілін айқындау үшін балалар республикалық деңгейдегі орталықтарға жатқызылады.

Елімізде 249 босандыру ұйы­мы жұмыс істейді, оның ішінде 39-ы – перинаталдық орта­лық. Онда жаңа туған нәрестелерге көмек көрсету үшін 140 төсек-орын қамтылған.

Сонымен қатар 49 балаларды оңал­ту орталығы бар. Оның ішінде рес­публикалық деңгейдегі ба­лаларды оңалту орталығының саны – 3. Атап айтсақ, Астана қала­сындағы Ұлттық балаларды оңалту орталығы, «Балбұлақ» оңал­ту орталығы, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі

 1

 

Білім беру

Адам капиталын дамыту бала тәрбиесінен, әсіресе сапалы білім беруден басталатыны түсінікті. Бұл ретте биыл білім беру саласында көп­теген іс-шара сәтімен орындалды. Атап айтсақ, «Балалардың құ­қық­тарын қор­ғау, білім беру, ақпарат және ақпа­раттандыру мә­селелері бойынша кейбір заңна­малық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Оның шеңберінде балалар ортасының қауіпсіздігі мен жайлылық деңгейін арттыруға бағыт­талған нормалар қарастырылды. Осы заңмен Қазақстанда алғаш рет «ба­ланы қорқыту (буллинг)» ұғымы енгізіліп, баланың буллингтен қорғау құқығы бекітілді, сондай-ақ баланы қорқытудың алдын алу қағидаларын әзірлеу көзделген.

Елімізде алғаш рет әл-ауқат индексі әзірленді. Бұл 36 статистикалық және 20 са­уал­дама индикаторынан тұ­рады. Талдау көрсеткендей, көптеген аймақ­тың әл-ауқатының орташа бағасы бар: 3 аймақ – «қызыл аймақта» және 14 аймақ – «сары аймақта». Индекстің барлық ин­ди­каторы бойынша балалардың әл-ауқа­тының орташа бағасы 55,3-ті құ­райды.

Сонымен қатар алғаш рет оқушы­лар арасындағы білім деңгейінің алшақ­тығын төмен­дету мақсатында үлге­рімі төмен 500 мың оқушы мен әлеу­меттік жағдайы төмен отба­сын­дағы оқушыларды қолдауға бағыт­талған «Цифрлық мұғалім» жобасы енгізілді. Бұған қоса ата-аналардың есепшотына ақша аудару арқылы көмек көрсету құралы қайта қаралды. Бұл ретте жыл сайынғы инфляцияны ескере отырып, күнкөріс дең­гейінің шамасынан төмен емес мөлшерде киім, аяқкиім, мектеп керек-жарағын сатып алу үшін әрбір білім алушыға 37 мың теңгеден қаражат көлемі айқындалды.

1

 

Әлеуметтік қолдау

Елімізде ана мен баланы әлеумет­тік қолдаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқан. Бұл қолдау бюджеттен төленетін жәрдемақылардың 5 түрінен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеу­мет­тік төлемдердің 2 түрінен тұ­рады. Төлем­дердің барлығы отбасы­ның табысына қарамастан жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда балалары бар 2 млн-нан аса отбасы жәрдем­ақы мен төлем алушылар санатына кіреді. 2022 жылы мем­ле­кеттік жәрдемақылар мен тө­лемдердің барлық мөлшері 9%-ға индекс­телді, оның ішінде 1 қаң­тардан бастап 5%-ға, 1 сәуірден бас­тап тағы 4%-ға кө­бейді. Биыл осы мақсаттарға жалпы 867,6 млрд теңге бөлінді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14,5%-ға жоғары.

Әлеуметтік саясаттың жаңа пара­дигмасын қалыптастыратын Әлеу­меттік кодексте көпбалалы отбасы­лар­­­ды қолдаудың қосымша шаралары көзделген. Кодекс аясында «Ма­ра­патталған аналар» атты жаңа тұжы­рымдама енгізілді. Мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқалары­мен наград­талған немесе бұрын «Ба­тыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орден­дерімен наград­талған көпбалалы анаға құр­мет ретінде өмір бойы беріледі. Сон­дай-ақ марапатталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері сараланады. Бүгінде 6, 7 және одан да көп бала босанып, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен «Алтын алқа», «Батыр ана» атағы бар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орден­дерімен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін артады. Бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған аналарға әсер етеді.

1

 

Өнерге баулу

Балалар жылы аясында әзірленген жоспардан 69 ауқым­ды іс-шара көз­­делген. Оның ішінде 9 іс-шара мә­дениет және спорт саласы бойынша ұйым­дастырылды. Барлық жұмыс ба­лалардың сапалы және қолжетімді білім алуына, шығармашылық тұр­ғыдан толыққанды дамуын қамтамасыз етуге, олардың спорттық және шы­ғар­машылық әлеуетін арттыруға ба­ғытталған. Жалпы, мәдениет саласын­да 1 млн-нан аса баланы қамтитын бір­қатар ауқымды жобалар жүзеге асы­рылды.

1