Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2022

«Бақытты отбасындағы» жаңажылдық мереке

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қуыршақ театрында көпбалалы отбасылар «Аманат» партиясы мен Медеу ауданы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы ұйымдастырған жаңажылдық бағдарламаны тамашалады.

«Бақытты отбасындағы» жаңажылдық мереке

Іс-шара аясында балаларға жаңажылдық тәттілер үлестіріліп, қызықты кештің куәсі болды.

«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы осы жыл ішінде қиыншылыққа тап болған көптеген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіп, мәдени шараларға белсенді атсалысуға қолдау көрсетті. Осы әлеуметтік жобалар аясында бағдарлау жұмыстары, психологиялық-құқықтық білім беру, әлеуметтік-медициналық, еңбек және мәдени сипаттағы іс-шаралар да қатар атқарылған болатын.  
См

Орталықта заңгерлік, психологиялық және ақпараттық көмек пен консультация, профильді оқыту, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың барлық мүшелеріне қосымша білім беру және дамыту тегін іске асса, өтеусіз грант жеңіп алып, өз кәсібін ашам дегендер үшін де қолдау көрсетілді. Тиісті ведомстволар мен меценаттарды тарту арқылы әлеуметтік көмек көрсетілді.  

Соңғы 2,5 жыл ішінде әлеуметтік бағыттағы жобалардың танымалдығы арта түсті. «Isker Ana» бағдарламасы, «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы, балабақшадағы тамақ ақысы, жоғары оқу орталықтарының білім алушыларына, колледж, мектеп оқушыларына арналған шәкіртақы, «Аманат» партиясы жанындағы «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры, Еңбек бағдарламасы бойынша оқыту және жұмысқа орналастыру, әлеуметтік төлемдер мөлшерін ұлғайту шараларына қатысты мәселелер уақытында шешімін тауып келеді.

Осы мерзімде Медеу ауданына қарысты «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында 3609 адам тіркелсе, 5476 адамға ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетілген. Әдістемелік және заң көмегіне жүгінгендер - 2208, базалық тренингтерге қатысқандар - 236, көпбалалы отбасыларға арналған оқыту курстарынан өткендер 119-ды құрайды. Азық-түлікпен - 186, заттай көмек 1577 адамға көрсетілген. Қоғамдық ұйымдар есебінен тұрғын үймен 4 адам қамтамасыз етілсе, 22 адам жұмысқа орналасқан.

Медеу ауданы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Толқын Саметова осы игі істердің басы-қасында жүрген Аманат партиясының мүшелеріне, Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Халықты жұмыспен қамту орталығы мен Медеу ауданы әкімдігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандарына, «Rahym» әлеуметтік үйінің басшысы Б.Шералиеваға, «Бақытты отбасы» жобасының басшысы Ә. Байдилдановаға, ASD кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдері – Г.Кайратова, С.Аралбаева, А. Жайлыбаеваға, Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы басқарма төрайымы  З.Байсаковаға, «Жетісу күші» ҚҚ құрылтайшысы Ә.Абитаеваға, «Asar–ume» ҚҚ негізін қалаушы А.Нурмашевқа ризашылығын білдірді.

Пр

 

АЛМАТЫ