Жаңа жыл қарсаңындағы қауіпсіздіктің алдын алу үшін сатылымдағы, айналымдағы пиротехникалар тексерілді. Сонымен қатар өрт сөндіру қызметкерлері қолданудағы қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Аталған рейдтік шара 3 қаңтарға дейін жалғасын табады.
Өскемен полиция басқармасының азаматтық қызметтік қаруды бақылау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Е.Сағатовтың мәліметінше, пиротехникалық заттар сатылатын дүкендер, базарлар, жаппай сауда қоймалары 3 қаңтарға дейін құқық қорғау органдарының қадағалауында болады.