Аймақтар • 02 Қаңтар, 2023

Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында тас жолда болған жол апатынан екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

«2 қаңтар күні сағат 11:50 шамасында «Доссор-Бейнеу» тас жолының 147- шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Тайғақ жолда ВАЗ Priora мен Toyota Alphard соқтығысты. Оқиға салдарынан ВАЗ Приора көлігінің  1985 жылы туған жолаушылары оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті құжаттар жинақталып жатыр.