Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023

Жамбыл облысында тасжолдардан 326 адам құтқарылды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көптеген автокөлік иелері ауа райы туралы ескерту хабарламаларын елемейді, нәтижесінде құтқарушылардың көмегіне жүгінеді. Соңғы тәулікте Жамбыл облысында жолдардан 326 адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында тасжолдардан 326 адам құтқарылды

3 қаңтар күні сағат 10.15-тен 4 қаңтар таңғы 5:00-ге дейін Жуалы, Сарысу және Қордай аудандарының өрт сөндіруші-құтқарушылары республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде 326 адамды құтқарып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді, олардың ішінде 72-сі балалар.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері құтқарушыларының жедел және кәсіби іс-қимылдарының арқасында құтқарылғандардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді.  Есесіне, құтқарылған азаматтардың арасында осындай қиын жағдайда дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс білдірген азаматтар да болды. 

«Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға үйден шығарда келіп түскен хабарламаларға жіті назар аударып, өздерімен бірге әрдайым жылы заттарды бірге алып жүруге шақырамыз. ТЖ немесе көмек көрсету қажет болған жағдайда шұғыл түрде «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске саламыз», делінген хабарламада.